«IT Group Kazakhstan» компаниясының жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге арналған 2017 жылғы 10 қарашадағы шарт-офертасы.
«IT Group Kazakhstan» компаниясы өз қызметтерін жария шарт-оферта негізінде көрсетеді. Бұл шарт жасасу үшін оған қол қоюдың қажеті жоқ екенін білдіреді, шартқа қосымша келісімге қол қою арқылы оферта шарттарымен келісетініңізді білдіру жеткілікті.
Бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын «IT Group Kazakhstan» компаниясы мемлекеттік тіркеу туралы куәлік негізінде әрекет ететін бас директор М.М. Дудниченковтың атынан сайт жасау және өзге де ілеспе қызметтер бойынша жұмыстарды орындауға қызмет көрсету жөніндегі жария оферта (ұсыныс) болып табылатын осы Шарттарды жариялайды.
1. Шарттарда қолданылатын ұғымдар мен анықтамалар
Осы Шарттарда қолданылатын ұғымдар мен анықтамалардың мағынасы мынадай:
1.1. Оферта - Интернет желісінде мына мекенжай бойынша жарияланған жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге арналған осы құжат: https://itgroup.kz/kk/contract-offer
1.2. Офертаны акцептілеу - Тапсырыс берушінің осы офертаның 1.2-тармағында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыруы арқылы офертаны толық және сөзсіз қабылдауы. Офертаны акцептілеу оферта шартын жасайды.
1.3. ҚЫЗМЕТТЕР - Орындаушының Тапсырыс берушіге көрсететін қызметтері. Қызметтердің толық тізімі Орындаушының http://itgroup.kz/ мекенжайындағы сайтында көрсетілген
1.4. Тапсырыс беруші - офертаны акцептілеген және осылайша жасалған оферта шарты бойынша Орындаушы қызметтерінің Тапсырыс берушісі болып табылатын тұлға
Осы Шарттарда тікелей анықталмаған өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндіріледі.
2. Жалпы ережелер
2.1. Осы Шарттар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес Орындаушының жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге арналған, Қызметтерді көрсету және пайдалану шартының елеулі талаптарын қамтитын жария офертасы (ұсынысы) болып табылады.
2.2. Тапсырыс берушінің Орындаушыға сайт жасау Шарты бойынша Төлем есебіне төлем жүргізуі және төлем фактісін растайтын тиісті қаржылық құжатты алуы осы жария Оферта шартының (бұдан әрі - Шарт) талаптарын сөзсіз қабылдау (акцептілеу) болып саналады.
2.3. Акцептілеу сәтінен бастап Клиент осы офертамен танысқан және келіскен болып саналады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес осы Шарттарға сай Орындаушымен шарттық қатынастарға түскен болып саналады.
2.4. Орындаушының міндеттері осы офертаның шарттарымен шектеледі, атап айтқанда, Клиентке Интернет желісіне қол жеткізуді ұсыну бойынша қызметтер көрсету Орындаушының міндетіне кірмейді. Интернет желісіне қол жеткізуді Клиент өз есебінен дербес қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Орындаушы Клиентке Орындаушының кеңсесінде электрондық хабарламаларды қабылдау-беру мүмкіндігін; компьютерлік жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді баптауды және/немесе диагностикалауды, сондай-ақ Клиентті және/немесе Клиент қызметкерлерін бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдыларына оқытуды ұсынбайды.
3. Эксклюзивті сайт жасау бойынша жұмыстарды орындауға арналған Қызметтерді пайдалану ережелері
3.1. № 1 Қосымшада көзделген қызметтер көлеміне кірмейтін сайт бойынша жұмыс материалдарына қатысты барлық қызметтерді, түзетулерді, пысықтауларды Орындаушы тараптар қызметтер көлемін, көрсету мерзімдерін және құнын айқындайтын жеке қосымша келісімдер негізінде көрсетеді.
3.2. Тапсырыс беруші осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты Орындаушы сұратқан ақпаратты, соның ішінде Тапсырыс берушінің компаниясы туралы, Тапсырыс беруші ұсынатын қызметтер/жұмыстар туралы ақпаратты, сондай-ақ № 1 Қосымшаға сәйкес өзге де ақпаратты беруге міндеттенеді.
3.3. Орындаушы осы шарт бойынша қызметтерді сапалы, осы шартқа № 1 Қосымшада (бұдан әрі - «№ 1 Қосымша») көзделген көлемде және мерзімде көрсетуге міндеттенеді. Бұл ретте, егер Тапсырыс беруші осы шарттың 3.2-тармағында көзделген міндетті орындамаса және/немесе тиісінше орындамаса, Орындаушының қызмет көрсету мерзімі Тапсырыс беруші тарапынан міндеттемені орындау мерзімі өткізілген күндердің тиісті санына ұзартылады.
3.4. Тапсырыс беруші Орындаушының кәсіби құзыреті саласына араласпай, осы шарт талаптарының орындалуын бақылауға құқылы.
3.5. Орындаушыдан шарттың орындалу барысы туралы мәліметтерді сұратуға.
3.6. Егер Тапсырыс берушінің Орындаушымен жасалған кез келген басқа шарттар бойынша берешегі болса, Орындаушы осы Шарт бойынша Тапсырыс берушіге қызмет көрсетуді уақытша тоқтатуға құқылы.
3.7. Тапсырыс беруші сайтының барлық беттерінде Орындаушыны осы сайттың жасаушысы ретінде біржақты көрсететін мәтіндік және/немесе графикалық белгі орнату. Тапсырыс беруші бұл белгіні өзгертуге, жоюға немесе жасыруға құқылы емес.
3.8. Тапсырыс берушінің міндеттері
3.8.1 Тапсырыс беруші Орындаушының қызметтеріне № 1 Қосымшада Қорытынды құн ретінде көрсетілген мөлшерде ақы төлеуге міндеттенеді.
3.8.2 Төлем ақша қаражатын Орындаушының есеп шотына аудару арқылы жүргізіледі.
3.8.3. Егер Тапсырыс беруші осы шарттың 2.8.1. немесе 2.8.2. тармақшаларында көзделген міндетті орындамаса және/немесе тиісінше орындамаса, Орындаушының қызмет көрсету мерзімі Тапсырыс беруші тарапынан міндеттемені орындау мерзімі өткізілген күндердің тиісті санына ұзартылады.
3.8.4. Тапсырыс берушінің осы Шартта көзделген қызметтерді алуы тараптардың осы шарт бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру Актісіне қол қоюымен куәландырылады.
3.8.5. Орындаушы осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру Актісін жібереді, Тапсырыс беруші Актіні алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оған қол қоюға міндетті.
3.8.6. Егер осы шарттың 2.8.5 тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру Актісіне Тапсырыс беруші қол қоймаса және Тапсырыс беруші осы Актіге жазбаша қарсылық бермесе, Орындаушы біржақты қол қойған Акт шарт бойынша қызметтердің толық көлемде тиісінше көрсетілгенінің растауы болып саналады және Тапсырыс берушінің Орындаушы қызметтеріне ақы төлеуіне негіз болады.
3.8.7. Сайтта орналастырылған кез келген ақпарат үшін жауапкершілікті Тапсырыс беруші көтереді.
4. Дайын шешім негізінде сайт жасау бойынша жұмыстарды орындауға арналған Қызметтерді пайдалану ережелері
4.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге дайын шешім (шаблон) негізіндегі сайтты ұсынады. Дизайндағы өзгерістер тек мәтіндік ақпарат бөлігінде жүргізіледі. Дайын шешім негізіндегі сайттың функционалдық бөлігі өзгеріссіз қалады.
4.2. Өзгертуге жатпайды: сайттың фоны, түс гаммасы, модульдердің орналасуы, тіл панелі, қаріп стилі. Сайт функционалындағы кез келген өзгерістерді Орындаушы Тапсырыс берушіден қосымша төлем алғаннан кейін ғана жүргізеді.
4.3. Тапсырыс беруші дайын шешімнің дизайнын таңдауға жауапкершілікпен қарауы тиіс. Дизайн таңдалғаннан кейін Тапсырыс беруші мен Орындаушы оны бекіту туралы осы шартқа № 2 қосымша Қосымшаға қол қояды.
4.4. Дайын шешімді бекітілгеннен кейін өзгертуге БОЛМАЙДЫ, өйткені маман ақпаратты орналастыруға және сайтты іздеу жүйелерінде жылжытуға уақыт жұмсайды.
4.5. Орындаушы Тапсырыс берушіге дайын шешімнің дизайнын таңдауда тек кеңес береді. Таңдалған дизайнға өтінімді Тапсырыс беруші дербес жібереді.
4.6. Орындаушы Тапсырыс беруші үшін мәтіндік ақпаратты іздеумен және жазумен, фотосуреттерді өңдеумен, Тапсырыс беруші ұсынған мәтіндік ақпараттағы грамматикалық қателерді түзетумен айналыспайды.
4.7. Егер Тапсырыс беруші шарт жасалған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпаратты ұсынбаса, Орындаушы сайтты әзірлеу мерзімінің ұзаруы үшін жауап бермейді.
4.8. Дайын шешім негізінде интернет-дүкен әзірленген жағдайда Орындаушы сайтқа 20 (жиырма) тауардан артық енгізбейді.
4.9. Шарт бұзылған жағдайда орындалған жұмыс көлеміне байланысты алдын ала төлем Тапсырыс берушіге қайтарылмайды.
5. Сайтты жылжыту бойынша жұмыстарды орындауға арналған Қызметтерді пайдалану ережелері
5.1. Жұмыс тәртібі
5.1.1. Тапсырыс берушінің сайтын жылжыту үшін Тапсырыс беруші жұмыстарды жүргізуге қажетті барлық ақпаратты, соның ішінде Тапсырыс беруші сайтының әкімші және хостинг панельдеріне өзекті қол жеткізу деректерін ұсынады.
5.1.2. 6 (алты) ай ішінде Орындаушы Тапсырыс берушінің сайтын осы шартқа № 1 Қосымшада көрсетілген кілт сұраулар бойынша Yandex және Google іздеу жүйелерінде оңтайландырады және кейінгі 6 (алты) ай бойы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Тапсырыс берушінің сайтын жоғарыда аталған іздеу жүйелерінде ұстап тұрады. Тапсырыс беруші сайтты іздеу жүйелерінде шығару көптеген жағдайлар мен факторларға байланысты екенін түсінеді.
5.1.3. Әр айдың соңында тараптар орындалған жұмыстар актісіне ол ұсынылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
5.1.4. Орындаушы Тапсырыс берушіге Тапсырыс беруші сайтын жылжыту, сондай-ақ Тапсырыс беруші сайтына келушілер бойынша ай сайынғы статистикалық деректерді ұсынады.
5.2. Орындаушының құқықтары мен міндеттері
5.2.1. 6 ай ішінде Орындаушы Тапсырыс берушінің сайтын осы шартқа № 1 Қосымшада көрсетілген кілт сұраулар бойынша Yandex және Google іздеу жүйелерінде оңтайландырады және кейіннен шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Тапсырыс берушінің сайтын жоғарыда аталған іздеу жүйелерінде ұстап тұрады. Тапсырыс беруші сайтты іздеу жүйелерінде шығару көптеген жағдайлар мен факторларға байланысты екенін түсінеді.
5.2.2. Орындаушы Тапсырыс берушіге Тапсырыс беруші сайтын жылжыту, сондай-ақ Тапсырыс беруші сайтына келушілер бойынша ай сайынғы статистикалық деректерді ұсынуға міндеттенеді.
5.3. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері
5.3.1. Тапсырыс берушінің сайтын жылжыту үшін Тапсырыс беруші жұмыстарды жүргізуге қажетті барлық ақпаратты, соның ішінде Тапсырыс беруші сайтының әкімші және хостинг панельдеріне өзекті қол жеткізу деректерін ұсынады.
5.3.2. Тапсырыс беруші Интернет желісін тек заңды тәсілмен пайдалануға және Тапсырыс беруші Орындаушының қызметтерін пайдалану барысында Тапсырыс беруші немесе үшінші тарап шеккен кез келген залал үшін жауапкершілікті Орындаушыға аудармауға міндеттенеді.
5.3.3. Тапсырыс беруші 4.4.1-тармаққа сәйкес Орындаушының жұмысына уақтылы ақы төлеуге міндеттенеді
5.3.4. Тапсырыс берушіде төлем жасауда қиындықтар туындаған кезде Тапсырыс беруші Орындаушының мекенжайына белгілі бір күнге дейін осы Шарт бойынша берешекті өтеуге міндеттенетін кепілдік хаттың түпнұсқасын жіберуге міндетті.
5.3.5. Жылжыту құны сұраулар бойынша жылжытудың базалық құнына байланысты айқындалады және осы шартқа № 3 Қосымшада көзделген таңдалған тарифтік жоспар негізінде есептеледі.
5.3.6. Жұмыс құны міндетті түрде, сондай-ақ Орындаушы жұмыстарды Тапсырыс берушінің немесе үшінші тұлғалардың (мысалы, хостинг провайдерінің) кінәсінен орындамаған жағдайларда да төленеді. Ай соңында тараптар орындалған жұмыстар актісіне ол ұсынылған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
5.3.7 Орындаушының салық салудың оңайлатылған жүйесін қолдануына байланысты ҚҚС көзделмеген.
5.3.8 Алдын ала төлем әр айдың басында төлем шоты негізінде ол ұсынылған сәттен бастап екі күн ішінде жүзеге асырылады.
5.3.9 Орындаушы шот жазып, шоттың сканерленген көшірмесін Тапсырыс берушінің жауапты өкілінің электрондық поштасына жібереді.
5.3.10 Шоттың түпнұсқасы Тапсырыс берушінің Сұрауы бойынша шоттың сканерленген көшірмесі жіберілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберіледі. Жіберу тәсілін Орындаушы айқындайды.
5.3.11 Шотты Тапсырыс беруші оны алған сәттен бастап 5 (бес) банк күні ішінде төлейді.
5.3.12 Шоттың төленуі Тапсырыс берушінің жұмыстарды қабылдағанының фактісі болып табылады.
5.4. Сайтты экспресс-жылжыту бойынша қызметтер 3 (үш) ай ішінде көрсетіледі. Қызмет құны 150 000 тг құрайды. Орындаушы сайттың ТОП 10-ға шығуына кепілдік бермейді, өйткені бұл іздеу жүйелері күн сайын өзгертетін сайттарды саралау тәсілдеріне байланысты.
6. Сайтқа қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындауға арналған Қызметтерді пайдалану ережелері
6.1. Веб-сайтты сүйемелдеу қызметтері мына тармақтарды қамтиды:
6.1.1. Веб-сайтта ақпаратты (бұдан әрі - контент) орналастыру
6.1.2. Сайттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету (бұған кедергі келтіретін себептерді жедел жою).
6.1.3. Сайт мазмұнын басқарудың автоматты жүйелерін техникалық қамтамасыз ету (сүйемелдеу).
6.1.4. Сайтты хакерлік және вирустық шабуылдардан қорғау.
6.2. Орындаушы контентті Тапсырыс берушіден алған күннен бастап екі күн ішінде веб-сайтқа орналастырады.
6.3. Орындаушы веб-сайтқа тек Тапсырыс берушіден алынған контентті орналастырады, Орындаушы контентті дербес жасамайды және Интернет желісінде контент іздеумен айналыспайды. Орындаушы Тапсырыс беруші материалдарындағы грамматикалық және синтаксистік қателерді түзетпейді.
6.4. Орындаушы контентті осы шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдалануға құқылы емес.
6.5. Орындаушы Тапсырыс берушіден контентті тек мына форматтарда қабылдайды:
- мақалалар түрінде орналастыруға арналған мәтіндік ақпарат (doc, docx, - MSWord құжаттары);
- жүктеп алуға арналған файлдар түрінде орналастырылатын құжаттар (excel, pdf, rar, zip, doc);
- веб-сайттың фотогалереясына орналастыруға арналған фотосуреттер (jpg, png);
- аудио материалдар (mp3);
- видео материалдар (avi, wmv, mkv)
6.6. Тапсырыс беруші ұсынған мәтіндік аудармаларды сайтқа енгізу қабылданатын ақпарат көлемін талдау кезінде контенттің толыққанды элементі ретінде бағаланады.
6.7. Қызмет құны мен шарттың қолданылу мерзімі осы шартқа № 4 Қосымшада көзделген.
7. Контекстік жарнаманы жүргізу бойынша жұмыстарды орындауға арналған Қызметтерді пайдалану ережелері
7.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге Интернет желісінде Яндекс Директ Жүйесінде және/немесе Google AdWords Жүйесінде контекстік жарнаманы жүргізу бойынша қызметтер көрсетеді.
7.2. Тапсырыс беруші ұсынатын жарнамалық материалдар ҚР қолданыстағы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес келуі тиіс. Орындаушы Тапсырыс беруші ұсынған кез келген жарнамалық материалдарды қабылдамауға, сондай-ақ егер оларды орналастыру және/немесе мазмұны, және/немесе нысаны жоғарыда көрсетілген талаптарға қайшы келсе не Орындаушының жарнамалық саясатына сәйкес келмесе, жарнамалық материалдарды орналастыруды тоқтата тұруға құқылы.
7.3. Орындаушы міндетті:
7.3.1. Жарнамалық қызметтерді тиісті сапада, толық көлемде және тиісті мерзімде көрсетуге.
7.3.2. Көрсетілетін жарнамалық қызметтердің Тапсырыс беруші талаптарына және ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге.
7.3.3. Тапсырыс берушінің талабы бойынша атқарылған жұмыс туралы есептер ұсынуға
7.4. Орындаушы құқылы:
7.4.1. Осы Шартқа және Тапсырыс берушінің өтінімдеріне сәйкес контекстік жарнаманы орналастыру бойынша қызметтер көрсетуге, Тапсырыс берушіге қызмет көрсетуге байланысты туындайтын мәселелер бойынша телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы хат алмасу жолымен кеңес беруге.
7.4.2. Егер жарнама Шарттың немесе Өтінімнің талаптарына, ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына, Баспагердің, Жарнама өндірушінің немесе Тапсырыс беруші ұсынатын үшінші тұлғалардың (Тапсырыс беруші клиенттерінің) ережелері мен талаптарына сәйкес келмесе, Тапсырыс берушіге жарнаманы дайындаудан және/немесе орналастырудан бас тартуға, жарнаманы орналастыруға қабылдамауға.
7.4.3. Тапсырыс беруші жарнамаға және оны орналастыруға қойылатын талаптарды сақтамаған кезде, сондай-ақ Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтерді қабылдау және оларға ақы төлеу туралы Шарт талаптарын бұзған жағдайда қызмет көрсетуді тоқтата тұруға.
7.4.4. Тапсырыс берушіден көрсетілген қызметтерді Шартта көзделген тәртіппен қабылдауды және оларға ақы төлеуді талап етуге.
7.5. Орындаушы жауапкершілігінің шектеулері.
7.5.1. Орындаушы Тапсырыс берушінің қаржылық және экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына (сатылымның, сұраныстың артуы, өткізудің, өтелімділіктің жақсаруы және ұқсастар) әсер етпейді, Тапсырыс берушінің Орындаушы қызметтерінен және жарнамалық науқандардан күтетін экономикалық нәтижелері Орындаушының бақылауынан тыс. Орындаушы Тапсырыс беруші Орындаушы қызметтері мен жарнамалық науқандар көмегімен алуға үміттенетін экономикалық немесе қаржылық нәтижеге қол жеткізбегені немесе оны алмағаны үшін жауап бермейді.
7.6.1. Тапсырыс беруші міндетті:
7.6.2. Орындаушы тиісті сапада, толық көлемде және осы шартқа № 5 Қосымшада көзделген тиісті мерзімде көрсеткен жарнамалық қызметтерді қабылдауға және оларға ақы төлеуге.
7.6.3. Егер Шарт талаптарында Тапсырыс берушіге есептер ұсыну көзделсе, Тапсырыс беруші Орындаушыдан қызмет көрсету туралы есептерді ұсынуды талап етуге құқылы.
7.6.4 Контекстік жарнаманы орналастыру бойынша Қызметтердің есептік құны осы шартқа № 5 Қосымшада көзделген.
7.6.5 Ақша қаражатының Орындаушының есеп шотына түскен күні төлем күні болып саналады.
7.6.6 Шарт бұзылған жағдайда жарнамалық хабарландыруларды көрсету Директ және/немесе Google AdWords жүйелеріндегі ақша қаражатының қалдығы есебінен жүргізіледі, бірақ Орындаушы тарапынан контекстік жарнаманы жүргізу тоқтатылады. Орындаушы жасаған аккаунтқа қол жеткізу деректері Тапсырыс берушіге берілмейді.
7.6.7 Шарт Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша бұзылған кезде контекстік жарнаманы жүргізу үшін жасалған алдын ала төлем кепілпұл болып табылады және орындалған жұмыс көлеміне байланысты Тапсырыс берушіге қайтарылмайды.
8. Хостинг пен домендік атауды тіркеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған Қызметтерді пайдалану ережелері
8.1. Қызметтер деп Тапсырыс берушіге мыналарды ұсыну түсініледі:
8.1.1. Оған өз ақпаратын Орындаушының серверлерінде орналастыруға мүмкіндік беретін бірегей атау мен құпиясөз (төлем Орындаушының есеп шотына түскеннен кейін 1-5 жұмыс күні ішінде);
8.1.2 Домендік атауларды тіркеу
8.2. Қызметтер құрамына Орындаушының кеңсесінде Тапсырыс берушінің электрондық хабарламаларын қабылдау-беру мүмкіндігін ұсыну, Тапсырыс берушінің дербес компьютерін, модемін және бағдарламалық қамтамасыз етуін Орындаушының кеңсесінде де, Тапсырыс берушіге барып та баптау немесе диагностикалау, сондай-ақ Интернет желісінде жұмыс істеу дағдыларына оқыту кірмейді.
8.4. Тапсырыс берушіге домендік атауды тіркеуде жәрдем көрсету кезінде Орындаушы тіркеуші ұйымның технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тіркеу мерзімдері мен ықтимал кідірістер үшін жауап бермейді. Сондай-ақ Орындаушы тіркеуші ұйымның олардың ішкі Регламентіне қайшы келмейтін қандай да бір себептермен доменді тіркеуден бас тартуы үшін жауап бермейді.
8.5. Жаңа домендік атау оны тіркеудің барлық қажетті шарттары, ережелері мен нормалары орындалған жағдайда тіркеледі, атап айтқанда:
- тіркеу сәтінде мұндай домен атауы бос;
- жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалар бұзылмайды;
- өтінімде тіркеуге қажетті толық және дұрыс ақпарат көрсетілген;
- осы домендік аймақтың ережелері сақталған.
8.6. Тіркелетін домендік атауға (атауларға) құқықтар бүкіл мерзім бойы осы шартқа № 6 Қосымшада көзделген тиісті төлем енгізілген жағдайда Тапсырыс берушіге беріледі.
8.7. Ағымдағы шарт бойынша тіркелген домен (домендер) үшін ақша қаражаты ешқандай жағдайда қайтарылмайды.
8.8. Домендік атауларды тіркеу домендік атауды пайдаланушы туралы дербес ақпаратты ұсынуды көздейді. Осы офертаның шарттарын қабылдай отырып, Абонент ол туралы байланыс ақпараты WHOIS жария интернет-сервисінде байланыс ақпараты ретінде, соның ішінде иесіздендірілген түрде пайдаланылуы мүмкін екеніне келіседі.
8.9. Орындаушының міндеттері:
8.9.1. Тапсырыс берушіні оған құпиясөз бен атауды (логинді) қағаз жеткізгіште беру арқылы не ресми хат негізінде құпиясөз бен логинді Тапсырыс берушінің e-mail-ына жіберу арқылы тіркеу.
8.9.2. Тапсырыс беруші таңдаған домен атауын тіркеу үшін өзіне байланысты барлық әрекеттерді жасау, бірақ Тапсырыс берушіге ол таңдаған домендік атауды Тапсырыс беруші шотты төлеген уақыт және тіркеу бойынша техникалық рәсімдерді орындау уақыты ішінде үшінші тарап иеленбейтініне кепілдік бермейді.
8.9.3. Тапсырыс берушінің талабы бойынша Орындаушының кінәсінен туындаған барлық анықталған кемшіліктерді өтеусіз түзету. Орындаушы кемшіліктерді Тапсырыс берушінің тиісті талабынан кейін екі жұмыс күні ішінде түзетуге міндетті.
8.9.4 Тапсырыс беруші өзі туралы толық, шынайы және дәл ақпаратты, атап айтқанда, байланыс ақпаратын (Т.А.Ә., ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны, e-mail) ұсынуға міндетті.
8.9.6 Қызметтерге жасалған төлемді растайтын өзіне берілген тиісті қаржылық құжаттарды сақтау;
9. Корпоративтік поштаны жүргізу және баптау бойынша жұмыстарды орындауға арналған Қызметтерді пайдалану ережелері
9.1. Орындаушының міндеттері:
9.1.1. Тапсырыс берушіге корпоративтік пошта үшін шектеусіз дискілік кеңістік ұсыну
9.1.2. Пошта жәшіктерін вирустық және хакерлік шабуылдардан қорғау
9.2. Тапсырыс берушінің міндеттері:
10. Қызметтерді қабылдау тәртібі
10.1. Тапсырыс берушінің осы Шартта көзделген қызметтерді алуы тараптардың осы шарт бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру Актісіне қол қоюымен куәландырылады.
11. Тараптардың жауапкершілігі
11.1. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
11.2. Тапсырыс беруші Орындаушының қызметтеріне толық көлемде ақы төлеуге міндеттенеді:
11.2.1. Тараптар Тапсырыс берушінің кінәсінен туындаған осы шартты орындау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ Тапсырыс беруші осы шарттан біржақты бас тартқан жағдайда не Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша шоттарды төлеуден жалтарған жағдайда Тапсырыс беруші Орындаушының қызметтеріне толық көлемде ақы төлеуге міндеттенетіні туралы келісті.
11.2.2. Егер тараптардың ешқайсысы екіншісін шартты бұзу туралы 30 күнтізбелік күн бұрын хабардар етпесе, шарт автоматты түрде ұзартылған болып саналады.
12. Дауларды шешу
12.1. Тараптар арасында осы шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер, соның ішінде оны жасасуға, өзгертуге, орындауға, бұзуға, тоқтатуға немесе жарамсыз деп тануға қатысты даулар Батыс Қазақстан облысы бойынша Халықаралық Төрелікте (ҚР, БҚО, Орал қ., Әбілқайыр хан даңғ., 167 үй мекенжайы) не ол өзгерген жағдайда өзге мекенжай бойынша, бұл туралы Тараптар ауызша хабардар етіледі, оның регламентіне сәйкес, бір төрағалық етуші төреші құрамымен, орыс тілінде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып шешіледі. Тараптар Төрелік регламентімен жеке өзі немесе www.zkosud.kz сайтынан танысқанын және келісетінін растайды. Төрелік регламенті осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Хат-хабарлар, хабарламалар, SMS-хабарламалар осы шартта көрсетілген мекенжай мен ұялы телефон нөміріне немесе Тараптардың немесе олардың органдарының нақты орналасқан жеріне жіберіледі. Мекенжай мен ұялы телефон нөмірі өзгерген кезде Тараптар бір-бірін және Төрелікті үш күнтізбелік күн ішінде алдын ала жазбаша хабардар етеді. Егер Тараптар орналасқан жерінің мекенжайы мен ұялы телефон нөмірінің өзгергені туралы хабардар етпесе, хат-хабарлар, SMS-хабарламалар осы шартта көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі және тиісінше табыс етілген болып саналады.
12.2 Тараптар осы шарттың жоғарыда көрсетілген тармағы Төрелік келісім - азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған немесе туындауы мүмкін дауды Батыс Қазақстан облысы бойынша Халықаралық Төрелікте қарауға беру туралы Тараптардың жазбаша келісімі болып табылатынын растайды.
13. Қорытынды ережелер
13.1 Тараптар осы шартты орындау кезінде екінші Тараптан алынған коммерциялық, қаржылық және өзге де құпия ақпаратты құпия сақтауға міндеттенеді.
13.2. Тараптар осы шарт бойынша қабылдаған құпиялылық жөніндегі міндеттемелер жалпыға қолжетімді ақпаратқа, сондай-ақ Тараптардың кінәсінсіз үшінші тұлғаларға белгілі болатын ақпаратқа қолданылмайды.
13.3. Тараптар өздерінің заңды, пошталық мекенжайының, банктік және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы олар өзгерген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бір-бірін жазбаша хабардар етуге міндетті
13.4. Қызмет көрсету орны: Орал қ., Ғұмар Қараш к-сі, 33/2